Өлең, жыр, ақындар

Әженің құрақ көрпесі

  • 20.03.2020
  • 0
  • 0
  • 4099
Құрақ көрпе қандай әсем, қарашы,
Ағын, көгiн, қызыл, сары, қарасын.
Бес боуямен алты шаршы құрапты,
Қандай өнер, тауып тұр ғой жарасым…
…Атам маған: “Қақ төрге шық, тұр, - дедi,-
Молдасынды нақ қазақша құр, - дедi. –
Тұлпар мiнер кезiң келдi, қайтейiн,
Мал дегенде – қара есек жүрдегi!
Аман – есен оқу таусып келгесiн,
(Бар тiлегi – ошақ оты сөнбесiн) –
Жайып жатыр әжең, әне, құрағын,
Санамайды дүнияға өзгесiн.
Тартылды ма ән мен жырдың бұлағы,
Ауды ма әлде елден бақыт тұрағы?
Нағыздарға арнап жаяр әжеңнiң
Төселiнбей жүр ғой көптен құрағы.
Қадiр тұтар ене көзi – мұрасын,
Сыры мол зат айтып берем, тұра тұр.
Тiккен екен осы әжеңнiң енесi
Дүниеден құрастырып кiл асыл.
Куә болған талай-талай талқыға,
Құрақ сыры бояуымен шаршыда.
Бiр кездерде өмiр сүрген бiрiгiп,
Сәйкес дейдi алаш саны алтыға.
Бiздiң баба шыққан кезi ұшпаққа,
Бiрiккен кез бес өң түрлi қыпшаққа.
Ұлы болған, күштi болған, көп болған.
Бәрi рас, жүгiрткенмен жүз саққа!”
Басы осылай әңгiменiң басталып,
Бiлiм жетпей, қалдым өзiм жасқанып.
Ал аташым сенiмi мол шындыққа,
Көргенiндей басылғанды тасқа анық.
…Шежiренiң желiсiне құралған –
Текеметтер ою, құрақ түр алған.
Бiлгiм келiп тариығын туған жер,
Туды тағы жүрегiмде бiр арман.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Інімен әңгіме

  • 0
  • 0

- Аға! Қалай атандың жақсы азамат?
Үлгi тұтты өзiңдi жақын мен жат.
Бұлтарыс па, даңғыл ма өмiр жолы,
Жан қинай ма ұзақ жол тақым қажап?

Толық

Сағынамын

  • 0
  • 0

Жүрек сыздай бір жанды сағынамын,
Бұ не ғажап!, тек соған шағынамын.
Көріктіме дана ма батыр ма екен
Кім болса да бас ием тағына мың.

Толық

Ұйқыңды қишы бір түндік

  • 0
  • 0

Ұйқыңды қишы бір түндік,
Сырласып сандық ашайық.
Кешірші мені еркінсіп
Бақыттан кетсем масайып.

Толық

Қарап көріңіз