Өлең, жыр, ақындар

Мақтаншақ доп

  • 22.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1594
Секең-секең, секеңдеп,
Маған кім бар жетер деп.
Мақтанды Доп асыққа,
Бәріңдікі бекер деп.
– Қалың қалай, асығым,
Өлшей алмас қашығын.
Таныдың ба Доп деген,
Футболшының «Асылын»?!.
– Бір орнымда тұрмаймын,
Ұшқан құстай зырлаймын,
Зулап шығам көкке де,
Төмен жылдам құлдаймын.
– Қақпаға да туралап,
Алдап бағыт бұра қап.
Жүгіреді соңымнан,
Бәрі мені қуалап.
– Ал сен неге жарайсың,
Бір-біріңді санайсың.
Иіреді қашан деп,
Жаутаң қағып қарайсың.
– Деп асыққа лепірді,
Бір онында секірді.
Ал сау бол, – деп жөніне,
Кетпекке Доп бекінді.
Доп бәрінен озғандай,
Ісі қандай, сөз қандай,
Желі шығып сол сәтте,
Қалды орнында қозғалмай.

(балаларға арналған тақпақ)



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Болмасаң да, ұқсап бақ

  • 0
  • 0

Ұлы Абайдай хакім бол,
Сүйінбайдай ақын бол.
Елін, жерін қорғаған,
Қабанбайдай батыр бол.

Толық

Туысқандық атаулар

  • 0
  • 0

Бабам салған ізге ерген,
Салт бұзылмас ізгі елден.
Құда болар мың жылдық,
Қыз алысып, қыз берген.

Толық

Мектебім

  • 0
  • 0

Болам деп шәкірт ақылды,
Жаттадық өлең, нақылды.
Алғашқы қоңырау соғылып,
Мектепке күзде шақырды.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар