Өлең, жыр, ақындар

Достық

  • 22.03.2020
  • 0
  • 0
  • 2423
Достық – биік жалауым,
Достық – берік қамалым.
Достық сезім жүректе,
Жағады өшпес алауын.
Достық – сенім, тірегім,
Достық – аппақ тілегім.
Достық жырын шаттанып,
Әнге қосып жүремін.
Достық – менің қорғаным,
Адастырмас орманым.
Достық – шындық, адалдық,
Түсінгенге зор мәнін.
Нақыл айтқан бабалар,
Шын достықты бағалар.
Достық деген ұлы ұғым,
Қадірлейік, балалар.
* * *
Достық деген немене,
Досқа адал сенімің.
Достық деген немене,
Досқа таза көңілің.
Достық деген немене,
Лайланбас айдының,
Достық деген немене,
Жаныңдағы айбының.
Достық деген немене,
Досқа айтатын жан сырың.
Достық деген немене,
Аласармас тау шыңың.
Достық деген немене,
Желбіреткен жалауың.
Достық деген немене,
Алынбайтын қамалың.
Достық деген немене,
Досың бірге қуанған.
Достық деген немене,
Досың сертте тұра алған.

(балаларға арналған тақпақ)



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күй

  • 0
  • 0

Құрманғазы – күй атасы алыбым,
Алты алашты мойындатқан дарының.
Халқымыздың тарихынан сыр шерткен,
Күй арқылы шежіремді таныдым.

Толық

Мен өзім

  • 0
  • 0

Тұра салып тісімді,
Тап-таза етіп тастаймын.
Көбейтем деп күшімді,
Жаттығуды бастаймын.

Толық

Жанкүйерлер

  • 0
  • 0

Міне, ойын басталды,
Доп ортаға тасталды.
Жанкүйерлер дауысы,
Жаңғыртты жер-аспанды.

Толық

Қарап көріңіз