Өлең, жыр, ақындар

Ай-гок

  • 24.03.2020
  • 0
  • 0
  • 658
Мәскеуде бір қыз көрдік көзі күлген,
Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген.
Сол қыздың сұлулығы жаннан асқан,
Етегін дүрия көйлек шаймен бүрген.

Қайырмасы:
Ай-гок, тағат жоқ, ой!
Көкем, еркем Ғайни,
Өтіп жалған кете ме-ай.

Әрине, айтпас па едім өлең білсем,
Шұлғытып қара арғымақ дөнен мінсем.
Армансыз бұл дүниеден өтер едім,
Сол қызбен қосылысып ойнап-күлсем.

Қайырмасы:
Ай-гок, тағат жоқ, ой!
Көкем, еркем Ғайни,
Өтіп жалған кете ме-ай.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жастар

  • 0
  • 0

Жастар – заманның қызыл гүліміз,
Жастар – наданның сәуле күніміз,
Қарышта сол жолда!
Жастар – жаттасаң Ленин сөздерін,

Толық

Қаракөз (3 нұсқа)

  • 0
  • 0

Кез болдың тәтті ұйқыда биыл маған,
Жел көңіл жігіттікте тыйылмаған.
Бір дұшпан арадағы қас ойлар деп,
Қалмады елде құрбым сыйынбаған.

Толық

Алма мойын

  • 0
  • 0

Дәйім менің мінгенім шұбалаң кер-ей,
Қос сақина қолымда бұрама зер-ей.
Ей, алма мойын-ай.
Боз аттың болды-ай талай былқылдағы,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар