Өлең, жыр, ақындар

Тағы ендің түсіме сен

Жана алмастан жүректің оты керім
Мұздап бітті мұң тұнған көкірегім
Білесің бе?
тағы ендің түсіме сен
Біраз уақыт көрінбей кетіп едің

Жүрген кезде жанымда жақынырақ
Тұрушы еді шабыт та атылып- ақ
Жыр жазушы ем түсімде сені көріп
Қаламымды нұрыңа батырып ап

Жыр жазушы ем күлкіңді тыңдап алып
Жыр жазушы ем жанымды мұңға малып
Сүңгіп кете беруші ем тұңғиыққа
Көздеріңнен сырыңды ұрлап алып

Сырғып алға уақыттың дөңгелегі
Қанша уақыт өзіңді көрмегелі?!
Ғайып болып кеткен соң өң мен түстен
Өлеңім де кідірмей өлген еді

Күлкіңменен көрініп жаның əсем
Кеше ендің түсіме тағы да сен
Айып етпе… дегенмен мен өзіме
Музам десем бір сені жаңылмас ем

Ісім менен сөзімді айып көріп
Бəрін айтам деп тұрғам жайып дерлік
Кешірім де сұрауға үлгерпестен
Тағы асығыс жөнелдің ғайып болып

Болмастығын білемін мəңгі үміт көп
(Енбейсің де түсіме қаңғырып кеп)
Сұранамын! Ендігі кетіп жатсаң
Түсімдегі бейнеңді қалдырып кет



Пікірлер (1)

Айда

Мықты

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз