Өлең, жыр, ақындар

Ахау мүрлен, тоғыз түрлен

  • 24.03.2020
  • 0
  • 0
  • 594
Біздерге бұйым емес өлең-ай боқ,
Қашаннан қара өлеңге мейірім жоқ.
Жақсылар, халық билік айт дегенде,
Бір тілім, екі жағым тақайыр жоқ.

Қайырмасы:
Ахау мүрлен,
Тоғыз түрлен,
Әнімді салып жүрген,
Жазып үйрен.

Қамысқа балапаннан бітер сүйрік,
Алладан, кім өлмейді, жетсе бұйрық.
Несіне айтар сөзге іркілейін,
Атадан болып тұлпар тудым жүйрік.

Қайырмасы:
Ахау мүрлен,
Тоғыз түрлен,
Әнімді салып жүрген,
Жазып үйрен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алты құлаш

  • 0
  • 0

Жайықтан ары өтейін, бері өтейін,
Тор бесті ат екі өткенде терлетейін.
Есіме сен түскенде-еу, беу, бауырым,
Көңілді айтып өлең делбетейін.

Толық

Шынар-ай

  • 0
  • 0

Қаратаудың басынан арша ап жүрмін,
Көтере алмай аршамды шаршап жүрмін.
Шынар-ай, әркім бір сізге құмар-ай,
Қайткенде көңілім тынар-ай.

Толық

Ақтоқтының аужары

  • 0
  • 0

Қорқамын шымылдықтың құруынан,
Бір жаман қолын сұғып тұруынан.
Жалғанда қыздан сорлы жан бар ма екен,
Айырылып кете барар руынан.

Толық

Қарап көріңіз