Өлең, жыр, ақындар

Аяманнан

  • 24.03.2020
  • 0
  • 0
  • 399
Басыңдағы мақтанба, а-ей, бағыңызға, ай,
Ешбір пенде жолатпай жаныңызға.
Айнымалы дүние жел емес пе,
Бір күн жоқ, бағың тайған шағыңызда.

Мінгенім дәйім менің, а-ей, сұр киігім,
Аңға шықсам, көремін жер биігін.
Сексен беске келгенде селкілдетпей,
Ей, Алла, тартқызбай ал, қыз күйігін.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қисаның әні

  • 0
  • 0

Өленің сен де сусар, мен де сусар,
Үйірі көк аланың көлде жусар.
Алладын тілегенім осы еді,
Тағдырдан айналайын қылған душар.

Толық

Ахау, иә

  • 0
  • 0

Замандас, құр қажыма қиял ойлап,
Ой түбі бір терең сай кетсе бойлап.
«Сары алтын сабыр түбі» деген сөз бар,
Сабырлық ақырында бәрін жоймақ.

Толық

Екі жирен

  • 0
  • 1

Көшкенде жылқы айдаймын аламенен,
Аулыңа барушы едім даламенен.
Түскенде сен есіме, беу қарағым,
Сағынып сарғаямын санаменен.

Толық

Қарап көріңіз