Өлең, жыр, ақындар

Жеңгей

  • 02.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1032
Әнімнің, ай-ау, деген аялғысы,
Аттыға жол бермейді жаяу кісі, а-ау, жаяу кісі-ай.
Ат міндім, айғыр міндім құтаймады,
Жақсы екен тай да болса баяндысы, а-ау, баяндысы-ай.

Қай дөңге, мына дөңге, құба дөңге,
Белгі етіп шанышам құрық көріп көнге.
Көп айдың көрмегелі жүзі болды,
Жүр ме екен аман-есен біздің жеңгей.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қара көл

  • 0
  • 0

Қара көл есік алды түбің ылай,
Бітеді емен ағаш жарға құлай.
Елдерден алған таңдап едің, әгу
Қоспады екеумізді дұшпан сөзі-ай.

Толық

Топай көк

  • 0
  • 0

Көкшетау, Баянауыл жер науаны,
Елінен көктей гүлдеп шығады әні.
Баурында Көкшетаудың көкке шалқып,
Толғанып шарықтайтын салған әні.

Толық

Ахау, иә

  • 0
  • 0

Замандас, құр қажыма қиял ойлап,
Ой түбі бір терең сай кетсе бойлап.
«Сары алтын сабыр түбі» деген сөз бар,
Сабырлық ақырында бәрін жоймақ.

Толық

Қарап көріңіз