Өлең, жыр, ақындар

Кер қашаған

  • 04.04.2020
  • 0
  • 0
  • 676
Міндім де кер қашаған аяңдадым-ау, аяңдадым-ау,
Шығар деп сәулем үйден-ау, аялдадым, аялдадым-ау.
Ғашығым жанды өртеген қимасым-ау, қимасым-ау,
Кетерде қоштасарға-ау, бара алмадым, бара алмадым-ау.

Кербесті-ай астымдағы-ау, беске келген, ау,
Қызығы-ай, жылқы жайып-ау, кеште жүрген, ау.
Аулына ғашық жардың бара алмастан,
Сарғайып жүргенімді ескерер ме ең, ай.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көлде үйрек

  • 0
  • 0

Құрметті бізден сәлем-ай, бұраң белге-ау,
Шалғында құс қонатын-ай, айдын көлге, көлде үйрек-ай.
Түскенде сен есіме-ай, беу қарағым,
Көзімнен үйрек жүзер-ай, аққан селге, көлде үйрек-ай.

Толық

Алқызыл

  • 0
  • 0

Ат көркем көрінеді тұрманменен,
Жеткізбейді дүние қуғанменен.
Ақ көйлек — адал ниет, кір шалған соң,
Су кетірмес не керек жуғанменен.

Толық

Гәкку (1-нұсқа)

  • 0
  • 0

Шүрегей, көлден ұшқан, сіз бір аққу,
Қалқаға арнап жаздым осы хатты.
Сырнай мен домбыраның арасында,
Балқыған қорғасындай, қайран, Гәкку.

Толық

Қарап көріңіз