Өлең, жыр, ақындар

Кідігай (5 нұсқа)

  • 04.04.2020
  • 0
  • 0
  • 678
Дүниеде бір сұлу қыз сыланады,
Артынан еріп пенде қуанады.
Болғанда адам—түлкі, дүние—бүркіт,
Әркімді түзу жолдан шығарады.

Қайырмасы:
Ахау, ахау кідігәй,
Қызығы дүркін дүние-ай.

Дүние кім біледі бекеріңді,
Пендеге не қызықты шекеріңді.
Секілді түбі терең бір дария,
Жалғанда адам білмес екеніңді.

Қайырмасы:
Ахау, ахау кідігәй,
Қызығы дүркін дүние-ай.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұмытпа

  • 0
  • 0

Ойда жоқта қалқам-ау сен кездестің де
Жүректі салдың әуреге
Сені сүйп қалғанымба біле алмадым
Шомылдым шуақ сәулеге

Толық

Ой көк

  • 0
  • 0

Ақ үйден бір қыз шықты көзі күлген,
Үстінде дүрия көйлек шәймен бүрген.
Сол қыздың сұлулығын мен айтайын,
Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген.

Толық

Жайлау

  • 0
  • 0

Бір кезде жігіт болдық бұлғақтаған,
Ат мініп, үкі тағып ырғақтаған.
Жылқының суға айдаған тозаңындай,
Ол дәуір табылмай тұр біздің шақтан.

Толық

Қарап көріңіз