Өлең, жыр, ақындар

Доп туралы жыр

  • 09.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2100
Асау тайдай тулайды,
«Гол!» - деп бәрі шулайды.
Жалықтырмас добымыз,
Қуып жүрміз оны біз.

Секең- секең етеді,
Ұшып, көкке жетеді.
Ойынқұмар добымыз,
Қуып жүрміз оны біз.

Жолағы бар, домалақ,
Шаршамайды домалап.
Шынықтырар добымыз,
Қуып жүрміз оны біз.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүзім

  • 0
  • 0

Қолмен үзіп аламын,
Себетіме саламын.
Жүзім терген кезімде,
Нұр ойнайды көзімде.

Толық

Қауын

  • 0
  • 0

Қауын, қауын, қауынсың,
Көтеріп ем ауырсың.
Асқабақтан аумайсың.
Неге арықта аунайсың?

Толық

Жақсы баға

  • 0
  • 0

Өтпепті ғой күн текке,
Арай бестік алыпты.
«Қашан барам мектепке?»,-
Деп Дана қамықты.

Толық

Қарап көріңіз