Өлең, жыр, ақындар

Қарлығаш

  • 09.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1128
Жауатынын жаңбырдың,
Төмен ұшсаң, білемін.
Суарса бұлт ой-қырды,
Жайқалады гүл, егін.

Шын көңілмен достыққа
Құшағын кең ашады ер.
Таяу ұшпа мысыққа,
Маған жақын ұша бер.

Жем берейін, ұнаса ал,
Дейсің бе сен «қарным аш».
Біздің үйге ұя сал,
Ұшып кел де, қарлығаш.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Пайдалы іс

  • 0
  • 0

Ерте тұрып, қолға алып күректі.
Тазаладық атыз бенен жүйекті.
Қарындасым топырағын қопсытып,
Бізден қалмай шелегіне гүл екті

Толық

Қаздың балапаны

  • 0
  • 0

Балапаны қаздың,
Қанатыңды жаздың.
Шалшық суды кештің.
Ұрысқан жоқ ешкім.

Толық

Ұқыпсыз

  • 0
  • 0

- Көйлек қайда?
- Еденде.
- Күрте қайда?
- Легенде.

Толық

Қарап көріңіз