Өлең, жыр, ақындар

Қамқор

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 770
Ойнақ салып бұзауым,
Қарашы үйден ұзауын.
«Ойна, – дей ме, – берiрек»,
Енесi тұр мөңiреп.
Қайырып мен келейiн,
Жарысып бiр көрейiн.
Ал кешқұрым болғанда,
Апам сиыр сауғанда:
«Бұзауға сүт қалсын», – деп,
«Тоя емiп алсын», – деп,
Шықпаймын мен жанынан,
«Көп саума», – деп жалынам.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Неден қорықпайды?

  • 0
  • 0

Бауыр басқан қалаға,
Не дерсiң бұл балаға?
Келiп едi ауылға
Шықпай отыр далаға.

Толық

Демалыс

  • 0
  • 0

– Көрмедiң бе, бiлесiң бе? –
Деп iнiмнен сұрадым. –
Радионы кiм өшiрген,
Кiм бұраған құлағын?

Толық

Айлакер Тұрар

  • 0
  • 0

Бiрде келiп,
Нақақтан
Тұрар маған тиiстi,
Тiлiн безеп

Толық

Қарап көріңіз