Өлең, жыр, ақындар

Саумал

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1682
Саумал сауып күбiге
Апам қымыз пiседi.
Көп кiсi кеп күнiне
Үйден қымыз iшедi.
Мен де күбi пiсер ем,
Шашыратып төкпей бiр.
Қара терге түсер ем,
Əттең, бойым жетпей жүр.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Хайуанаттар дүкенi

  • 0
  • 0

Ашылыпты
Хайуанаттар дүкенi,
Дүкеннiң бұл
Дүниеде үлкенi!..

Толық

Апорт

  • 0
  • 0

Апорт дейтiн алма бар,
Жер жаратын атағы.
Ондай алма қайда бар,
Алматы – оның Отаны.

Толық

«Қортық» шыбық

  • 0
  • 0

Қар кеттi де, жаз шығып,
Ектi Төкен жас шыбық.
Жүрмеген соң суарып,
Қалды ол өспей қуарып,

Толық

Қарап көріңіз