Өлең, жыр, ақындар

Мәнісі

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 531
Атасы үнсiз,
Əжесi де үнсiз.
Папасы да үнсiз,
Мамасы да үнсiз.
Отырады меңiреу,
Адамдардай тiлсiз.
Бiр-бiрiне тiл қатса,
Сөйлеседi iшiнен.
Бөлме iшiнде жүредi,
Аяғының ұшымен.
Даладағы итi де,
Арс-арс етiп үрмейдi.
Қызыл қасқа сиыры
Мөңiреудi бiлмейдi.
Радио да самбырлап,
Сөйлемейдi, күлмейдi.
Тоқтап қалған сағат та,
Сырт-сырт етiп жүрмейдi.
Мазаны алып ызыңдап,
Ұшпайды да шыбын...
Бiлмек болсаң, балалар,
Бар мəнiсiн мұның:
Үйдегi ерке Батыр
Сабақ оқып жатыр!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шофер

  • 0
  • 0

Бiз тұрған қалада
Көше кең,
Адам көп.
Бiрақ та, алайда,

Толық

Қарбыз

  • 0
  • 0

Теңбiл-теңбiл қарбызды,
Тентек Серiк жарғызды.
Сонан соң оны жедi,
Жедi де, былай дедi:

Толық

Ызақор

  • 0
  • 0

Су басына
Күшiк жеттi.
Жеткен бойда
Жүзiп кеттi.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар