Өлең, жыр, ақындар

Шегініс

Толғай-толғай жүгірген,
Топырақты суырған,
Ертеден салса, кешке озған,
Ылдидан салса, төске озған
Томаға көзді қасқа азбан
Қой мойынды көк жұлын -
Көк жұлынды жетелеп,
Қисық жерден төтелеп,
Қабырға, қол сөгіліп,
Арғымақ ат бүгіліп,
Әзіреттен ант ішіп,
Ақыретті жанға байланып,
Талай жүрдік далада
Әділ жаннан түңіліп.



Пікірлер (5)

НҰР

Махамбеттің өлеңдерінің толық нұсқас көрсетіңіздер

Кайрат Нуртас

Керемет

floyd mayweather

kazaks super national

хан 07

Махамбет атамыздың өлеңдері өлеңдері өте мағыналы. Керемет

Пікір қалдырыңыз

Өкініш

  • 0
  • 8

Толғай да толғай оқ атқан,
Он екі тұтам жай тартқан,
Қабырғасын қаусатқан,
Тебінгісін тесе атқан,

Толық

Аспандағы бозторғай

  • 0
  • 2

Аспандағы бозторғай
Бозаңда болар ұясы.
Бозаңның түбін су алса,
Қайғыда болар анасы.

Толық

Ұл туса

  • 1
  • 3

Күн қақты ердің астында
Көп жүгіретін күлік бар.
Көн садақтың ішінде
Көбе бұзар жебе бар.

Толық

Қарап көріңіз