Өлең, жыр, ақындар

Күншіл

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 491
Бiздiң Есет есiрiк,
Жақтырмайды Қанатты.
«Күндiз-түнi тесiлiп,
Оқиды, – деп, – сабақты».
Бар баққаны бiр солдай,
Өшiн алар Қанаттан, –
«Бала болып бұл қалай,
Қашпайды, – деп, – сабақтан?»
Ту сыртынан даттайды,
Кiжiнедi тұрып ап:
«Ең құрыса шықпайды,
Ойнауға да бiр уақ», –
Дейдi тағы өшiгiп:
«Пысық қылып жаратқан,
Бiз құсап та кешiгiп,
Қалмайды екен сабақтан?»
Миғұла ма, бiлмен мен,
Көз ашпайды ол таяқтан.
Күнi өткенше күндеумен
Үлгi алсашы Қанаттан.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мейірім

  • 0
  • 0

Далада жүрген мысықты
Жас бала көрiп қалды да,
Мейiрiмi түсiп қызықты,
Көтердi қолға алды да.

Толық

Әкесі мен баласы

  • 0
  • 0

– Жүзiм, – дейдi бiресе,
– Қауын, – дейдi бiресе,
Əкеледi əкесi
Ұлы ненi тiлесе.

Толық

Бір көшенің футбол комментаторымен әңгіме

  • 0
  • 0

Бiр көшеде тұрамыз,
Ат шаптырым арасы.
Қос команда құрамыз,
Жиналып бар баласы.

Толық

Қарап көріңіз