Өлең, жыр, ақындар

ТЖ-лар

Жағымпаздық бұл заманда басты өнер,
Шындық оған бола алмай жүр тас кемер.
Қазіргі бақ қайсар рухты ерді емес,
Арын сатқан жағымпазды ескерер.
Дәуірдің де даңқы солар төс керер,
Оны ойласаң жанарыңа жас келер.
Кеудесінде жалғандықтың мұзы бар,
Қажет кезде мұз үстінде қызынар,
Басшы алдында жас келіндей сызылар,
Кілең табан жалағыштар — ТЖ-лар.
Оларды ертең адалдықтың тұзы ұрар.
ТЖ-ларға егер бөгет қоймасақ,
Ұлтымыздың ауа райы бұзылар.
Ей, қарт ТЖ, қамқорсынып тасыма,
Қарасаңшы сақалыңа, шашына,
Ел сенімін ақтағаның осы ма?
Атанғанша жалғандықпен ашына,
Беделіңді намысыңнан асыра,
Күлкі болдың қасың түгіл досыңа.
Биліктің лас көн етігін тіліңмен
Жалайтындай не күн туды басыңа?
Оң мен солым сансыз ТЖ, күлем бе,
ТЖ-ларын көтерген даңқ-кілемге
Әлде қарғыс тиді ме екен бұл елге?
Тек күні үшін жалбаң қағып иілген
Пәс кеудеге асқақ рух түнер ме?
Самал қажет індет бұлтын түрерге.
Жағымпазын тау санаған,
Шыншыл ұлын жау санаған ұлттың
Мүмкіндігі аз мазмұнды өмір сүрерге...
Мінезсіз ұлт айналмайды ұлы елге.



Пікірлер (6)

Bain

Мықты жазылған!)

Суйiндiк

Ар бip казак Мухтар агадай акын болмаса да, дал осындай елiн суйетiн патриот болса......

Азиз

Калайсындар

Аийша

керемет ақын болса осы кісідей ақ болсын ащы болса да шыңдықты айтатын кісі!!

абат

Халқым сеніп сайлаған,
Депутатқа қарасам,
Бүкіл қазақ бұлкүнде.
Жарамсақ па деп қалам!..

...Біреу мені мақтаса,
Депутат па деп қалам,
Ол емесін білгесін,
Депутат бол деп қалам!..

Асылнұр

Бұл кісінің қадірін біле алмай жүрміз

Пікір қалдырыңыз

Жігерлендіру

  • 1
  • 19

Жігерлендіру немесе өзін бақытсызбын деп есептеген жігітке жауап
Сен жыладың, жігітім,
Көп көрдім деп тұрмыстың тапшылығын,
Қайтпады деп,

Толық

Жароков көшесіндегі кездесу

  • 1
  • 6

Лаулата алмай бойдағы бар ұшқынды,
Жүрген кезім армандап алыс қырды.
Бірде мені Төлеген Айбергенов
Тарлан ақын Тайырмен таныстырды.

Толық

Ғайша

  • 0
  • 3

Ғайша жеңгей сүйген жарын аттандырды майданға...
Сенген жүрек серттен оңай тайған ба?
Соғыс бiттi.
Ал күйеуi келмедi.

Толық

Қарап көріңіз