Өлең, жыр, ақындар

Сарылар екен

Түлені түртіп Құланы ақырып
Ойнақ салысты қыраны атылып
Көше ортасында сүйісіп отыр
Қос екі аяқты туа мақұлық

Елемей жұртты көшеден өткен
Отырды біраз десе де көптен
Қарадым -дағы таңдай қағыстым
Тəрбиесіне шешеден жеткен

Қашанғы бұлай қағынар көкем
Бұл ермектен де жалығар ертең
Өзімше күйіп өртеніп тұрсам
Қазақтар емес сарылар екен



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз