Өлең, жыр, ақындар

О, Бейтаныс

  • 21.04.2020
  • 0
  • 0
  • 554
Аяқ талып, көз жанары шаршаған,
Күндігінде жолығады қанша адам.
О, бейтаныс, кездессек те кенеттен,
Арманымыз қандай ұқсас аңсаған.

Қараңғы түн – түннен мен де қорқамын,
Айлы түн бе? О, бар оған ортағым.
Не үшін, қайда барамын я келемін,
Тыныш түнде тыным таппай жортамын.

Арман, қиял отырғызбай бір жерде,
Сапар шегем, түндерде де, күндерде.
Өкінішсіз тағдыр сыйлап, Құдайым,
Бар бақытты беретіндей бір демде.

Сынағынан өте алмаған тағдырға,
Кеш түсініп, өкінетін шағымда.
О, бейтаныс, сен кездесіп қаласың,
Сосын... тағы жол шақырар алдымда.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сәби даусы

  • 0
  • 0

Мазалады жүректі, толғандырды қаншама,
Сол бір сәби есейіп, үлкен жігіт болса да.
Соғыс жерде қалдырды ауыр жара, терең із,
Тәрік болған тағдырды кинолардан көреміз.

Толық

Сен барсың

  • 0
  • 0

Өлеңімнің арасында сен барсың,
Жүрегімнің жарасында сен барсың.
Айдалада өшіп қалған көліктей,
Көңілімнің даласында сен барсың.

Толық

Отан

  • 0
  • 0

— Ата, Сізге сұрағым бр?
— Сұрай қойшы ұланым.
— Отан – туым, Отан – арым, Отан – асыл ұраным.
Деген асқақ, ұлы сөздің мағынасы – сұрарым.

Толық

Қарап көріңіз