Өлең, жыр, ақындар

Телефон

  • 27.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1243
Таңсәріде,
түн қойнында, бесінде,
Телефонға үңілеміз несіне?

Тәрк еткендей ғұмырыңның бар мұңын,
Тетігіне тәуелдідей тағдырың,

Табынамыз титтей осы Тәңірге,
Құлақ түрмей уақыт дейтін Әмірге.

Тамсанамыз, жар саламыз, кім, қайда?
Бір тамаша күтетіндей шалғайда.

Жақыныңнан жаныңдағы безініп,
Жарқын сәттің болып бәрі тез ұмыт.

Телефонда кескінделіп бес күнің,
Жер бетінде қалмағандай ешкімің,

Саусағымыз сипап осы ғажапты,
Сағынамыз, сезінеміз ләззатты.

Сағат сайын санамалап лайкты,
Бәзбіреулер болып тіпті айыпты.

Шын келбетің жасырынып айнада,
Желілерде жымиямыз жәй ғана.

Суретіңмен сұлулықты тәнті етіп,
Секунд сайын ай келбетің жарқ етіп.

Шындығыңның шырайынан жалтарып,
Жылымыққа, жылт еткенге алданып.

Телефонда батырмыз да, данамыз.
Телефонның тұтқыны боп санамыз.

Кемел ойлы келешекке үн қатып,
Біздер осы, қайда кетіп барамыз?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Біз екеуміз ойда жоқта кезіктік

  • 0
  • 0

Біз екеуміз ойда жоқта кезіктік,
Тағдыр ма екен?
ұқпадым.
Жан едім мен - жүрегі шер,

Толық

Сенің атың — сағыныш

  • 0
  • 0

Іздеген кім,
ол күндердің дерегін.
Естілмейді ерке күлкім,
ерек үн.

Толық

Ақиқатым — тағдырым!

  • 0
  • 0

Әз жанымды аярлардан сақтағам,
Алғаусыздау бар мұңым.
Адалдығын алаяққа сатпаған,
Ақиқатым — тағдырым!

Толық

Қарап көріңіз