Өлең, жыр, ақындар

Көк те жұлдыз, жер де жұлдыз – бәрі ұшқын

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1234
Көк те жұлдыз, жер де жұлдыз – бәрі ұшқын,
Жұлдыздардың сәулесімен жарыстым.
Тербеледі теңіздері сәуленің,
Сол теңізге батып-шығып әуремін.
Жері қайсы, көгі қайсы – кім білсін,
Жер мен көктің арасында бір гүлсің.
Нәзіктікке табынғандар, бұтақтың
Сыбдыр-сырын жыр қылсын!
Маңдайымның бәрі жұлдыз – бір керім,
Көк болды ма жер деп менің жүргенім!
Шойын-бұлттар қуаныштан балқыды,
Күнге айналды біздің елдің бар түні.
Сұр болаттан таспа тіліп жүрміз көп,
Сом балғадан ұшқын ұшты жұлдыз боп.
Жұлдыз болып жарқырайды қандай жан!
Жұлдыз болып терім тамды маңдайдан.
Жұлдыз-өзен, арман-таудан бас алған,
Біздің керуен «құс жолында» қашаннан…
Міне, осындай біздің өлке, түні де
Жарық пенен қуаныштан жасалған.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көп іздедім, көп ойландым теңселіп

  • 0
  • 0

Көп іздедім, көп ойландым теңселіп,
ойдан екен еңкеюі еңсенің:
Көкшіл көзді десем бе екен сені ару,
сары шашты десем бе екен мен сені?

Толық

Бейнет биігінен

  • 0
  • 0

Бейнетқорым, шылым сор,
түтіндет бір, түтіндет
шылым сорғаннан басқа табарың аз, күтім жоқ,
Желге қарап кісінер

Толық

Ода

  • 0
  • 0

Заман — жақсы ертек бір,
ертек жазам мен де енді:
правосын еркектің
әйелдермен теңгерді.

Толық

Қарап көріңіз