Өлең, жыр, ақындар

Жоғалған білім

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 765
Білгендер кетіп,
Қаншама білім жоғалған,
Аңызақ – уақыт...
Ақыл-ой кені тоналған,
Бір кезде жұрттың
Бәріне мәлім нәрселер,
Жаңалық болып,
Бір күні қайта оралған.
Тоқтаусыз тарих,
Кейде асау, кейде жай ағыс,
Даналық ойлар,
Адамға жарық, таяныш,
Жоғалған уақыт,
Жоғалған бақыт сияқты,
Жоғалған білім,
Тағдыры қандай...
Аяныш...
Асудан биік,
Біліммен ғана асады ер,
Жоғалған білім,
Оралар тағы,
Тосады ел...
Бір түйір болсын,
Тапқаның болса, қайтып бер,
Бір тамшы болсын,
Айдынға қайта қоса гөр!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шың

  • 0
  • 0

Шың болуға құмар елдің бәрі де,
Болам дейді, қарамайды әліне.
«Шың болмасаң, шырқау биік болмасаң,
Айтшы дейді, бұл өмірдің мәні не?»

Толық

Өмір сынағы

  • 0
  • 0

Жанталасқан дүние
Жаралайды жаныңды.
Сол жараның уыты
Аралайды қаныңды.

Толық

Дүние

  • 0
  • 0

Күнәлі болар кім-кім де,
Куәлік етпес күн түнге,
Күлкі мен қызық іздеген,
Не дерсің көңіл шіркінге,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар