Өлең, жыр, ақындар

Рух

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1077
Алданып талай
Сүрініп кетіп,
Жығылдым қатты домалап,
Сүйегім сынып,
Сырқырап, сыздап,
Жаныма батты мазалап,
Аяқтан шалған
Арзан қол достар
Бетіме күліп көлгірсіп,
Артымнан шұқып,
Аларып атты,
Айызы қанып табалап.
Ұмтылдым алға,
Қолда деп алла,
Қайратты рухпен қарысып,
Адаммен ізгі
Алыс та болса
Аңқылдап жаным табысып,
Артымнан үрген
Иттерге ит боп
Қайыра мойын бұрмадым,
Құстармен бірге
Самғадым көкке
Ақ самал желмен жарысып.
Қиялым кезіп
Тап-таза ғалам
Тұп-тұнық ғарыш әлемін,
Кие деп ұғып
Көңілге қонған
Көненің сөз бен әуенін,
Жаңғыртып жаным,
Жыр менен сырдың
Шуағын төгіп адамға,
Қажымай, талмай,
Жеткізіп келем
Ғайыптың ғажап сәлемін!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мүлтіксіз мүсінші

  • 0
  • 0

Талқысынан тағдырдың
Тайсалмаған нар адам,
Өмірге де, өнерге,
Оң көзімен қараған.

Толық

Ақынның бастығы

  • 0
  • 0

Өлеңшілердің
Өтірік күлкі, күңкілі,
Шалқытпай қоймас,
Шалағай шенді шіркінді,

Толық

Шөлейттегі дарақ

  • 0
  • 0

Шөлейтке кей­кейде
Бітеді бір дарақ
Тартынбай,
Аптапта

Толық

Қарап көріңіз