Өлең, жыр, ақындар

Лувр

  • 05.05.2020
  • 0
  • 0
  • 681
Бұлдыр, бұлдыр,
Бұрынғыдан,
Бұдырдан,
Бар байлығын,
Бұйра бұлтқа будырған,
Ғұмыр, уақыт,
Алды-артына қаратпай,
Белгісіздік
Құрдымына қудырған,
Ғаламдағы
Адам ұлы тудырған,
Сан ғасырлық асыл мұра,
Табылады Луврдан!
Лувр,
Лувр,
Дуылдаған
Атың мәлім бұрыннан,
Дулығалы
Қырдың ұлы,
Қадіріңді ұғынған,
Қанша мұра
Қорыңда тұр сақталып,
Шын Машыннан,
Мысыр, Шамнан
Ұрымнан да, Қырымнан,
Асылзада
Әспеттеген асыл зат,
Замананың
Дауылында
Луврға кеп тығылған!
Асығамыз
Танысқанша Луврмен,
Бонжур,
Пардон...
Кулуарлар ду күлген,
Араласаң,
Ай жетер ме, асықпай,
Қаншалықты
Бай екенін кім білген!?
Балбал тасым,
Бармысыңдар,
Бабаларым қалдырған,
Төбесінде
Жұлдыз жайнап,
Ай мұңайып,
Күн күлген,
Күлдір, күлдір кісінеген,
Күреңімді іздеймін,
Күмбезіңді
Кернеген күй күмбірден!
Мен ақынмын,
Ізгілікті ту қылдым,
Есті жырмен
Көңіл дағын жудырдым,
Естелігін
Ескіліктің
Сақтап қалған жоғалтпай,
Орны бөлек,
Даңқы биік Луврдың!
Бой алдырма,
Даңғазаға, судырға,
Мағыналы,
Үлкен өнер тудыр да,
Елдің туын,
Ердің туын көтеріп,
Қос апарып,
Адамзаттық Луврға!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Балаларға базарлық

  • 0
  • 0

Асық ойнап тақырда,
Ат байлаған ақырға,
Асыр салған балалар
Айналады батырға.

Толық

Ұлағатты жол

  • 0
  • 0

Ұялы көзі,
Ұяңдау өзі, биязы,
Қияға кеткен,
Ғалымдық ой мен қиялы,

Толық

Игілік

  • 0
  • 0

Шынар ағаш шыңға құмар,
Сыршыл ақын сынға жылар,
Міншіл адам күншіл келер,
Мұңшыл адам құмға құлар,

Толық

Қарап көріңіз