Эссе және өлең-жыр байқауы

Әйел - сенің ақылшың

Сенікі ме, менікі ме сонау гүл,
Арман үшін жүрміз жазып алау жыр.
Жат біреуге бақыт болып туатын,
Әйелдерді еркелеткен жөн-ау бір.

Әйелді ылғи еркелеткен ер оңар,
Әйелдерсіз тірлігіміз не болар?
«Қой» дейтұғын қожаң егер болмаса,
Еркек байғұс азып-тозып жоғалар.

Әйел – сенің аспазың да күтушің,
Әйел барда биіксің де бүтінсің.
Әйел барда жалынсың – сен, отсың – сен,
Әйел жоқта бықсыған сен түтінсің.

Әйел – сенің ақылшың да, айбарың,
Ол барында естімейсің қайғы әнін.
Әйел – сенің күзетшің де, сақшың да,
Әйел – сенің мерекең де, мейрамың.

Әйел сені, сен әйелді сүйгенсің,
Сен әйелден, әйел сенен сый көрсін.
Өз елінің ұлы болам деген жұрт,
Әйелдерге құл болуды үйренсін.

Әйел, әйел – арман әні, жол әні,
Дүниенің кешкі қоңыр самалы,
Әйел сені құл қып алмай алдымен,
Құдай құлып көтермейді жоғары.

Сыйла әйелді, жоғарыдан бер орын,
Көтер оның мерейі мен беделін.
Өз қызыңды сыйлағаның ол сенің,
Өз анаңды мәңгі құрметтегенің.

Басқа да өлеңдері

Біздің ту

  • 0
  • 0

Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды.

Толық

Ғашық жүрек

  • 0
  • 0

Алқынғандай, талпынғандай боласың,
Шарқ ұрғандай бүкіл қазақ даласын.
Көкірегіме менің сыймай барасың,
Ғашық жүрек, қайда апарып соғасың!

Толық

Азайып бара жатыр біздің бұлақ

  • 0
  • 0

Азайып бара жатыр біздің бұлақ,
Көзіне қарағышпыз қыздың бірақ.
Көктем келсе, жолында жазға соқпай,
Өтіп бара жатады күз зымырап.

Толық

Пікірлер (9)

Мұрат

Әйел сенің ақылшың деген Тұманбай ағамыздың өлеңі маған ұнап Ватцапқа әйелдер жайлы кермет өлең деп жазып едім.
Көп еркектерге бұл өлең жолдарының "Еркектердің әйелдерге құл" болғанын құптамаймыз деген, Қазақтың ұлттық рухын түсіретін өлең деген пікірлер айтуда. Сіздер не айтасыздар? Бұл өлең жолындағы "Құл" сөзін қалай түсінесіздер?

Мұрат

кремет

Нурсулу

Керемет олен шумактары

Арғынбай.

Тұмағаның өлеңдеріне пікір жазуға ұялам.Оған менің шама-шарқым жетпейді

Дана

Өте керемет жазылған .шындықтың дəлелі

Акан

"Өз елінің ұлы болам деген жұрт,
Әйелдерге құл болуды үйренсін" дегені , ол тікелей мағынада емес қой. Сүйгеннің құлы деген бар. Яғни сүйетініңді дәлелдеп, нәзік жанды әйеліңді аялай біл , қадірін біл, сыйлап құрметтей біл дегені деп түсінем. Сонда әйелдің қайтарымы мол болады. "Еркектің басын төрге де, көрге сүйрейтін әйел", "Бақытты болғың келсе, ақылдылықты үйрен немесе ақылды әйелге үйлен» деген мақалдар, осының дәлелі.

Анель Сарсенбаева

Өте керемет. Мағынасы терең өлең

Бейбітгүл

Тұманбай Молдағалиев тамаша ақын.кез келген адам өмір ден түйгенін жүрегі арқылы саралап ой елегінен өткізіп,мұрагерлеріне тәрбиелік мəні арқау болсын деп жырмен өрнектелген тамаша өлең!

Пікір қалдырыңыз


Жүктелуде...