Өлең, жыр, ақындар

Түн ішінде жыладың

  • 04.07.2020
  • 0
  • 0
  • 664
Түн ішінде жыладың,
Ұйқыңды ашып,
Әншейінгі сүйкімді күлкің қашып.
Сен туралы лепірген қуанышты,
Кеткендей болды осы бір күн басып.
Мазам кетті,
Жайыңды түсіне алмай,
Сусыныңды айтшы енді,
Айтшы енді, ұсынам қай...
Құртақандай сәбидің хал-жағдайын,
Қиын екен ұқпаса кісі дардай...
Ақ бесікке жыла деп бөлеп пе едім,
Сен осындай жылауық бөбек пе едің...
Сенімен бірге мен де көзді шылап,
Жаныңда таң атқанша өбектедім...
Көрмеп едің қиналып әлі бұлай,
Ауырды ма бір жерің,
Жарығым-ай....
Қорқамын мен...
Қорқамын, зәрем кетіп,
Болмаса да осылай халің ұдай...
Дейді ғой. «Ана мықты...
«Ана мықты...»
Айтайын , мен саған бір, жаңалықты.
Мамаңның сеніменен бір теңселген,
Бір түнде бір тал шашы ағарыпты...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өлең

  • 0
  • 0

Жылт еткен сәуле, жарқын ой
жүгіріп бастан өтсе eгep—
өлеңнің ол бір шарты ғой,
жетпеген оған жоқ шебер.

Толық

Әсерлі сөз

  • 0
  • 0

Көрсете алған көңілдерден күліп бой
айналайын, әсерлі сөз, білікті ой.
Таза болса, мөлдір болса екеуі
жан сусынын қандыратын тұнық қой

Толық

Көңіл

  • 0
  • 0

Көзден жасы мөлт етті де, күлді адам,
сыр бермеді...
сыр бермеді басқа түк.
Көңілінің қуанышын ұрлаған

Толық

Қарап көріңіз