Өлең, жыр, ақындар

Сәлемдеме

Сәлемдеме жастарға,
Зарым замандастарға.
Көкірекке ақыл, көзге ғибрат,
Жалыңды талап, жаңа үміт,

Адал жүрек, ақ ниет
Жамандықтан қашқанға.
Жай таппаған көбелек,
Жапырағы жоқ қу терек,

Итке маржан не керек?
Су ағар ма аспанға?
Халық үшін жан қиған,
Қамқорлықтан ой жиған,

Сәлемдеме бұл сыйдан
Жарты жаңқа тастар ма?
Ақылы билеп, ой салып,
Қайғы сызға қайсарып,

Асыл сөзге бой салып,
Көңіл көзін ашқанға.
Сөз орнына боз беріп,
Боз бергенін көз көріп,

Хабары болса өзгелік
Дұшпаннан да, достан да.
Қарыны тоқ, қайырымы аз,
Отбасында өзі мәз;

Шөлдеп жүрген қысы - жаз
Мыңың басын қосқанға.
Көңілмен бірге қол жетер
Жұрт қажеті мол жетер,

Білімдікті олжа етер
Сусап тұрған бостанға.
Сусаған су тапса мәз,
Сондай құрбым - өнерпаз,

Осы қайғы, осы наз
Жарамас па астарға?..



Пікірлер (3)

Мадина Ержан

Өте өте керемет екен тамаша сөз жоқ қой па шіркін

Базарбайқызы Бақыт

Бізге қазақ тілі апталығына Жансүгіровтің бір өлеңін 5 куп жаттандар деді . Бірақ мен мына өлеңнің бәрін жаттаймын . Керемет

Бекзат

Ілияс Жансүгіровтың Сәлемдеме атты өлеңі керемет

Пікір қалдырыңыз

Бақыттымын

  • 0
  • 0

Улы өмірімді,
Сұр көңілімді
Талақ еттім, тастадым.
Нұрлы өмірге

Толық

Қазақ қызы

  • 0
  • 0

Маужырап тау, күн күліп,
Албырап аспан нұрлы көк.
Мажырап қыр, жер жусап,
Баяулай соқса жел жібек.

Толық

Топ алдына

  • 0
  • 2

Топ алдына шығайын
Жазыла жаз, қаламым!
Топқа ма әлде тойға ма
Топырласып жатқанда.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар