Өлең, жыр, ақындар

Таныстыру

Басымды иіп, сәлем бердім,амансызба ағайын?!
Топқа түстім мен бүгін, қамшы шалмай шабайын,
"Аубакиров" мектебінде оқимын мен бүгінде
Қанаттарын қатайтқан шәкірттердің талайын.

Қазақ қызды сыйлаған,
Қазаққа кыз сыйлы адам
Гүлдана менің есімім!
Абыройын қазақтың жаста болса ойлаған.

Жыр оқуды сүйіп келемін жасымнан,
Достарым көп табылатын қасымнан.
Нағыз қазақ қызы міне, көріп қой,
Дұшпан сөзін асырмайтын басыннан.

Шабыт келсе, қаламымды тербеймін,
Отты жырмен ел жүрегін емдеймін.
Өнеріммен өрісімді кеңейтіп
Бойда барды ел жұртыма бергеймін.

Арулар өнерімен жарысады,
Кім мықты болса егер қыр асады.
Қазақтың қыздарының өн бойына Иманды болса ғана, жарасады.



Пікірлер (1)

Жомарт

Ең ідемі таныстыру өлеңі!!!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз