Өлең, жыр, ақындар

Білем: бұл саған айтар сыр емесін

  • 08.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1096
Білем: бұл саған айтар сыр емесін,
қоймайды айт деп бірақ жүрек осы.
Аң қусам – қуар болдым ақсағанын,
қыз қусам – қуар болдым күлегешін.

Қалжыңнан қашу үшін күн ілгері
аға деп атайды қыз бүгін мені.
Шаппады қосқан атым құдай атып,
түйіліп түскен құсым түк ілмеді.

Жүйріктің аяғы жоқ – жүгірмедім,
көңілі ғана қалды – түңілмедім.
Қазықта қалдым бүгін, елеңдетті
алыста шапқан аттың дүбірлері.

Баяғы жыр ауруы алды меңдеп,
жатырмын жырды баптап, жанды үнемдеп.
Басымнан ұшып "бағы" жігіттіктің,
"беделі" ағалықтың қалды менде...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

А, дариға, тағы өте ме мына түн

  • 0
  • 0

А, дариға, тағы өте ме мына түн,
«Өтеді» деген қандай қиын сөз еді!
Бұл түнге де сыймай қалды қуатым,
Көңілім менің әрең-әрең төзеді.

Толық

Көп іздедім, көп ойландым теңселіп

  • 0
  • 0

Көп іздедім, көп ойландым теңселіп,
ойдан екен еңкеюі еңсенің:
Көкшіл көзді десем бе екен сені ару,
сары шашты десем бе екен мен сені?

Толық

Бір түйір дән

  • 0
  • 0

Бір түйір дән сыңғырап жерге түсті –
Тау, Дөң, Дала жабылып тербетісті.
Жеңіл әйел секілді ала етекті,
Ұйтқығанда сол дәнді жел әкепті.

Толық

Қарап көріңіз