Өлең, жыр, ақындар

Жетім бала мен рақымды кемпір

  • 09.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1756
Жетім баланың мұңы:
Ай қараңғы, күн батты,
Жылы орнына ел жатты.
Ата-анам жоқ мен сорлы
Паналаймын қай жақты?
Түнерген суық күзгі түн,
Ұзақ жылдай қысқа күн.
Мың дауыспен жылаған
Кімге естілер біздің үн?
Жылы сөзге болдым зар,
Маңдайымнан кім сипар.
Ата-анасыз балаға
Кең дүние де болар тар.
Жоқ болса туған анасы,
Болсаң өзің өте жас,
Мүшкіл сонда басыңа,
Суынған жүрек бейне тас.
Рақымды кемпір:
Бір кемпір естіп білді жетім мұңын,
Аяды: «Жылама, – деп, – байғұс ұлым,
Мұңайма, қайғы-бұлтың тарқайды әлі,
Шуағын төгер ертең алтын күнің»,
Үйіне ертіп келіп, берді тамақ,
Кірін жуып, жыртылған үстін жамап:
«Боласың есейгенше тәрбиемде,
Ерте тұр, мектепке бар, оқы сабақ!»
Сабаққа жетім бала даярлайды,
Талабы оңғарылып, бағы жанды.
Оқыды ыңыласпен күні-түні,
Білімге шөлдеп жүріп, сусынданды.
Баланың атасы өлген бір жасында,
Кемпірдің өнер тапты арқасында.
Адам болды беделді, ғылым біліп,
Кемшілік жері болмай бір басында.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жалқау бала

  • 0
  • 0

Жалқау бала жалтақтап,
Сабақтан қашар жан сақтап,
Ешкім оған разы боп,
Көрмес жақсы, жұрт мақтап.

Толық

Бала, Күн, Құс және Шие

  • 0
  • 0

Баланың Күнге берген жауабы:
Терезеден күн түсті,
Деді былай балаға:
«Жүр, ойнайық, іш пысты,

Толық

Үлкен әке және немере

  • 0
  • 0

Сексен жас түсірмейді қандай күйге
Қартайып үлкен әке жатты үйде.
Қол қалтырап, буынның бәрі босап,
Сүйеніп әзер тұрар жайма шиге.

Толық

Қарап көріңіз