Өлең, жыр, ақындар

Ақ көгершін

  • 11.08.2020
  • 0
  • 0
  • 4068
Ақ көгершін азығын
Қолыңнан бердің, бөбегім.
Ал сені де ана жанының
Көгершіні дер едім!
Әсем ғой ақ құс өзіңдей,
Қызыға күліп қарайсың.
Қатерді әсте сезінбей
Қауырсын жүнін тарайсың.
Толқиды ол қақса қанатын
Төбеңде лентаң көгілдір.
Жайдары неткен, жарасым,
Көзінде жайнап өмір – нұр!
Сүйсіне қарап сыртыңнан
Анаң тұр тосып білегін.
Білегі емес толқынған
Тосуға дайын жүрегін.
Қондырып құсты жас талға
Шаттана шалқып қарадың.
Көгершін ұшты аспанға
Көтеріп өмір талабын.
Бақытты күлкі көзінде,
Саусақпен көкті нұсқайсың.
Бүлдіршін – бөбек өзің де
Ақ құсқа сонау ұқсайсың!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақша бұлт

  • 0
  • 0

Ақша бұлтым, айтшы маған, айтшы маған, келдің қайдан?
Кәрі әжемдей айтшылаған, неге бейқам кездін, майдан?
Жеткен бе әжем ақ шашымен мені аялап таң алдында
Әлде Алатау ақ төсінен күн сүйгенде жаралдың ба?

Толық

Шабуыл алды

  • 1
  • 1

Шабуыл алды,
Таңға жақын.
Қолыма алып,
Дәрменімнің

Толық

Сен құрметте оны

  • 0
  • 0

Сен құрметте оны!
Түсіндін, бе, қарағым?
Ол ақшаға сатқан жоқ,
Тізеден кесіп аяғын.

Толық

Қарап көріңіз