Өлең, жыр, ақындар

Дұға

Әкемді алсаң, ал Құдай, шешемді алма,
Шекпен тоқып берсе де өлмеймін ғой..

(Халық айтқан екен)

Бергі беттен анамыз кеткен түні,
Ары жағына көпірдің жеткен күні.
Көкқарғаның суығы кешіккен кез,
Ауылымның жоқтады бес кемпірі.

Өгей қатын болмайды өз анамдай,
Жас парлаған маңдайда көз оңалмай..
Билеу қандай болады көңіл күйсіз,
Қайғы үстінде сімірген боза қандай?..

Әкемді алса, Құдайым не болады?
Анамды алды, ажалдың шоқ орағы.
Өлім жетіп, жалғызым жоғалғанмен,
Түн ішінде өлең боп оралады.

Жамап берген әкемнің бәтеңкесін,
Киіп алсам, қадайды қатер несін.
Шекпен киіп алғанмын қырыққабат,
Шешем мықтап алған ғой әпергесін...

Шешемді алдың, Құдайым, әкемді алма,
Бәтеңкесінен қымбат өтем бар ма?
Шекпеніммен інімді қорғап жүрем,
Тұмсығымен түртпестей бөтен қарға.

Анамның қайда екенін күн айта ма?
Әкемнің жерде екенін түн айта ма?
Әкесін анасы үшін құрбан еткен,
Халықты түзей көрші Құдай Тала!








Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Махаббат

  • 0
  • 0

Ертең-ақ жырға толы бұл күн елес,
Жауыннан қорғаман бұлтым мені еш.
Тоятсыз, махаббатсыз адам үшін,
Секссіз ғашық болу мүмкін емес!

Толық

Әруақ

  • 0
  • 0

Әруақ!
Шыр айнала бергенше, тәніме енші,
Мен-мұндалай бергенше, бері келші!
Сайтан емес, ішіме өзің түсіп,

Толық

МӘРИЯ

  • 0
  • 1

Мұң толы мөлдір көзіңмен күлімдеп қана,
Өзіңе ұқсас тағдырға жының кеп қара.
Өзімізге ұқсас мінезге өзімізге ұқсас,
Һәм құлқымызға бас иген бұрын көп дана.

Толық

Қарап көріңіз