Өлең, жыр, ақындар

Діріл бар, апа, үніңде

  • 12.08.2020
  • 0
  • 0
  • 969
Діріл бар, апа, үніңде,
Омырауды жаспен жуардай.
Әз Ана мұндай күнінде,
Жылай ма екен қуанбай.
Жылдардан сұрапыл жасыған,
Жаныңа сенің батар ма ой.
Шаттықтан нұры тасыған,
Шақыртқан мені Отан ғой.
Солдат бол, дейді көгімде,
Салтанаты үшін халқымның.
Кезегім келді менің де,
Бақытын қорғар әр күннің.
Жырақта жүрсем жырымсың,
Жасыма ана жылдарға.
Күрсінбей көзің ілінсін,
Күзетте ұлың тұрғанда.
Екі жыл!
Борыш біткені
Еліме бағыт алармын.
"Құлыным" деуші ең, күт мені,
Құлдырап келіп қалармын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қарақұмда

  • 0
  • 0

Тыныштық!
Тылсым тыныштық!
Селт еткен бұта көрмейсің.
40 градус!

Толық

Орамал

  • 0
  • 0

Жоғалды жібек орамал,
Бұлқынған бұлақ басында.
Қыз тұрды зілсіз: "Ағалар,
Алсаңдар бер", - деп қасында.

Толық

Қай жақта жатыр соқпақты жолдар

  • 0
  • 0

Қай жақта жатыр соқпақты жолдар
Аспанда ойнар жасындар бар ма?
Жеңемін бәрін қайратым мол да,
Тек өзің, жаным, қасымнан қалма.

Толық

Қарап көріңіз