Өлең, жыр, ақындар

Қос аққу

Жер бетіне шуақ шашып арайлы,
Көкжиектен күн күлімдеп қарайды.
Айдын көлді тебірентіп қос аққу,
Ақ ұлпадай мамықтарын тарайды.

Екі аққу айдын көлге байланып,
Ажыраса ішін өртер қайғы анық.
Махаббаты күннен-күнге күшейіп,
Кеткендей бір ертегіге айналып.

Бірін-бірі іздейді сағынышпен,
Екі ғашық, махаббат балын ішкен.
Сыңсыған аққу үнін тыңдасаңыз,
Жас тамып, шығады жалын іштен.

Аққу үні - тұнған күй, өзі дастан,
Бір естісең ұшарсың кезіп аспан.
Махаббаттың сарайын арала деп,
Адамзатқа аққулар есік ашқан.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жетім мұңы

  • 1
  • 3

Анамды көрмей, өстім мен,
Жетімдікке тап болып.
Екі көзді мұң шалды,
Мөлтілдеп, ыстық жас толып.

Толық

Бүгінгі заман

  • 0
  • 3

Бүгінгі заман тар заман,
Ынтымаққа зар заман.
Қазаққа қазақ жау болып,
Береке кеткен дау заман.

Толық

Жүрегімнің сыңары

  • 0
  • 0

Жүрегімнің сыңары егіздейсің,
Мен тұрғанда, өзгені неге іздейсің?
Бақтың ішін өзге жан аралап жүр,
Маған неге жемісін жегізбейсің.

Толық

Қарап көріңіз