Өлең, жыр, ақындар

Қосылған қос айдын

  • 28.08.2020
  • 0
  • 0
  • 669
Айнакөл мен Қаракөл – медиен белдің қос меңі,
Суыңа көптен шомылмай суыса ізім, кеш мені.
Жыртқанда көлдің жиегін
отарын әкем құмға айдап,
Есімде қапты біздің үй екінді ауа көшкені.
Қол созым жерде қос айдын біріне-бірі жарасып,
Толқыны тайдай тулайтын толағай көлдер таласып.
Көктемгі мезгіл – көк дүние,
сыланған шақта сылқым жер
Көз емес, мынау егіз көл – көздегі мойыл қарашық.
Қарашық көлдер қалғымай, күндіз де ояу, түнде ояу,
Жататын еді жарықтық жазира белге жарасып.
Мойылдай көлге малтимыз әлсін де әлсін жүгіріп,
Шілдеде суы қара тас, қаңтарда қатпай жылымық.
Шәрбат па деп те ойлайсың, шарап па деп те ойлайсың,
Аңсарың ауып бір жұтсаң аузыңнан суың шұбырып.
Арасы көлдің жыртылып, арпа мен бидай өсті ғой,
Жалбыз бен қияқ қырқылып, қой баққан ауыл көшті ғой.
Құм жақта жүрген қойшылар
қып-қызыл қырман қызғанда
Қарашық көлге бір ұшық ақ боп түспе десті ғой.
Аман-сау қалды егіз көл,
Шайқалмай қалды тұнық су.
Қасиетті қандай, пай-пай-пай,
Ылдида жатқан ұлық су?!
Ышқынып тасып сол көктем, қосылып кетті қос айдын,
Тың жыртқан жылы табысты қырық дос түгіл қырық су.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дауа

  • 0
  • 0

Кейуана өлді.
Ешкімі де жоқ артында.
Кеңсайдан құйттай қазылды қабір марқұмға.
Топырақ салдық.

Толық

Жер аттары

  • 0
  • 0

Қара Торғай – Сары Торғай,
Қошалақ құм – Қарақұм.
Сары Тосын сары атандай
Ботасындай Балақұм.

Толық

Күнім шыққан сәскеге, мезгіл шаңқан

  • 0
  • 0

Күнім шыққан сәскеге, мезгіл шаңқан,
...Сені сүйеді екенмін, сездім, қалқам.
Мені сүйсең, «жоқ-барға» мойындамай,
Уайымдамай, уақытша төзгін, қалқам.

Толық

Қарап көріңіз