Өлең, жыр, ақындар

Ақ селеу

  • 01.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1012
(Ілияс Есенберлинге)
Әкем бе менің –
Қырық жыл қой баққан қазақ,
Құрық тимеген құр жылқы ойнатқан қазақ.
Серілеу ме еді, сал ма еді, салқылау ма еді,
Айыра алмаймын әйтеуір ғажаптан-ғажап!
Ғажаптан-ғажап сыйлайтын селеуін қырдың,
Ғажаптан-ғажап келетін себебін білгім.
Кейитін кейде «Кебіннің керегі жоқ» деп,
«Ақ селеуімді оранып өлемін бір күн».
Мен кейін білдім.
Даланың ойланғанында,
Селеуді ол неге аймалап айналғанын да.
Адамның шашы сияқты ағарып кеткен
Қажығанын да, қайғырып, қайралғанын да.
Сүйемін, селеу –
Шаштары ойланған бастың,
Ойланған бастар ағарса, қайран қалмаспын.
Сол селеулердің түбірінен тірілер кейін
Жауқазын гүлдер – жарықтық, жайраңдап жас күн!
...Қадау да қадау қайда да асылдар деген,
Жатпайтын қаптың түбінде жасырғанменен.
Ақ селеу шашты ағалар селдіреп қапты-ау,
Ойлары бірге мұхиттай Мұхтарларменен,
Қайнары бірге кешегі Қасымдарменен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өзімнен өзім қараптан қарап жатқан ем

  • 0
  • 0

Өзімнен өзім қараптан қарап жатқан ем,
Біреу кеп мені бауыздап кетті мақтамен.
Күнәдан таза періштемін деп айтпаймын,
Бұл жолы бірақ күпіршіліктен аппақ ем.

Толық

Ақындықтан қорықпаймын, қиын емес

  • 0
  • 0

Ақындықтан қорықпаймын, қиын емес,
Ұйқастыру, сөз құрау бұйым емес.
Тілдік қорым жетеді, орамдымын,
Тілім менің татусыз, сұйық емес.

Толық

Жұқарған менің жүйкелерім-ай

  • 0
  • 0

Жұқарған менің жүйкелерім-ай,
Үйкеледім-ай сендерді.
Сүйкенбес жерге сүйкегенім-ай,
Көтеріп көкке кеудемді.

Толық

Қарап көріңіз