Өлең, жыр, ақындар

Аумайды тағдыр отаннан

  • 02.09.2020
  • 0
  • 0
  • 667
...Тағы да бір жыл өткердім,
Тауқыметін де көп көрдім.
Тағдырың жазса қабыл ал,
Тауқыметтің де дәмі бар,
Тағдырдан озып кеткен кім?..
Тағдырдан озып кеткен кім?
Шегіндім талай, шектелдім.
Шегініс жасап секірдім,
Ойыма бірақ жете алмай,
Бойыма ғана жеткенмін.
«Жазымыштан озымыш жоқ» деген,
Дедім де көндім, деп көндім.
Секірдім, яки сүріндім,
Ұрынбас жерге ұрындым.
Құладым, яки жығылдым,
Жүдедім, яки сылындым.
Тайталас түсер тағдырмен
Мен дағы қара сіңірмін.
Көндім мен, көнбістіктен бе,
Көндім мен жеңіс күткенде.
Сонда да бірақ жүрмедім
Тақтайдай тегістіктерде.
Аңсадым түстік аптабын
Адасып терістіктерде...
Тағдырды мен де сыйладым,
Тағдыр да мені қимады.
Түстік біз талай тайталас,
Ұмытпай ұят, ибаны.
Өзі ішкен суын ылайлап,
Кетпедік суатындағы...
Тағдырдан озып кете алман,
(Аумайды ол ерке ботамнан.)
Аяулы бола тұрса да,
Алмайды жүгін жотамнан.
Екінші тағдыр іздеуге
Амал жоқ бірақ жаһаннан.
Жалғыз-ақ тағдыр – пешенем,
Аумайды жалғыз Отаннан.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Махаббат мұңы

  • 0
  • 0

«Қарғам-ау, сен қалайсың мен дегенде»
Дегенде ән бүлкілдеп кең көмейде.
Баяғы бір махаббат мұңыменен
Пай-пай-пай!

Толық

Мөр

  • 0
  • 0

Мен сені ұмытпаймын, Мерекетай,
Үйіңнен арылмайтын береке ұдай.
Сен бізбен асық ойнап, күрке тігіп,
Бірақ та ойнамадың неге топай?

Толық

Дыбыс немесе Нұрғиса Тілендиев туралы жыр

  • 0
  • 0

Меніңше, бұл адам
«Дың» еткен дыбыстан жаралған.
«Дың» еткен дыбыстан –
Туатын «үп» еткен самалдан.

Толық

Қарап көріңіз