Өлең, жыр, ақындар

Әбіқай ақынның мешін жылғы монологы

  • 02.09.2020
  • 0
  • 0
  • 566
Елуде көрдік жылды Мешін деген,
Жұмбағы алда жатыр шешілмеген.
Ер жігіт, таланыңа бұл бір заман
Талғамай табылғанды жесін деген.
(Әбіқай Нұртазаұлы)

Қиямет деген осы ма,
Қарғыс деген осы ма?
Ел еңіреп босыған,
Ер елінен шошыған,
Қай заман бұл, қай заман?
Нар түйеде жая жоқ,
Ну орманда сая жоқ,
Намыс бар да, нану жоқ,
Нақыл бар да, ақыл жоқ,
Найза бар да, батыр жоқ,
Нарқы бар да, парқы жоқ,
Надан елдің салты деп,
Налиды да жылайды.
Құдай мұны қарғаса,
Бұл құдайға құлайды.
Жар астында жау деген,
Жол үстінде апат бар.
Нәлет тағдыр, әуреле,
Аямасаң, тапап қал!
Әбіқайды аяма,
Өлсем сүйек көмілер,
Бақыт мені табалап,
Қайғы маған егілер.
Қабырғаммен қайысып,
Мен ел қамын ойлаймын.
Дем біткенше таусылып,
Һәм денемнен жан шығып,
Домбырамның дауысын
Долы үніме қайраймын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жалбыз туралы жыр

  • 0
  • 0

Екеуміз сол көктемді сағынармыз,
Сағыныш – сары бояу, қанығармыз.
Сарыөзек сайға шығып, қайда құрып
Кетті екен, қаймағы іріп сары жалбыз?

Толық

Дауа

  • 0
  • 0

Кейуана өлді.
Ешкімі де жоқ артында.
Кеңсайдан құйттай қазылды қабір марқұмға.
Топырақ салдық.

Толық

Мынау – бақытты, мынау – бақытсыз

  • 0
  • 0

«Мынау – бақытты, мынау – бақытсыз»
Деуге болмайды пайым-парықсыз.
Дүмеп жатпайды тойың дамылсыз,
Думан болмайды уайым-налусыз.

Толық

Қарап көріңіз