Өлең, жыр, ақындар

Нан иісі

  • 15.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1348
Сыр бойының ақ күрішін,
Жинадың сен ел ырысын.
Ел сүйсінген еңбегіңе,
Сыр сұлуы – сен бірісің.

Күн күлімдеп дидарыңнан,
Ақ маржандай жинадың дән.
Жүрегіңдей ысып тұрған,
Еліңе сен сыйладың дән.

Ақ күріштің арасынан,
Шырқатып бір саласың ән.
Нанның иісі бұрқырайды,
Сыр бойының даласынан.

Өтіп жатыр дәл қасыңнан,
Шопыр жігіт дән тасыған.
Күлімдейді саған қарап,
Сүйсінеді-ау ол осыған.

Егінжайға қара да тұр,
Шалқып-тасып дала жатыр.
Теңіздегі кемедей боп,
Комбайндар бара жатыр.

Толқынды егін арасынан,
Шалқытып бір саласың ән.
Нанның иісі бұрқырайды,
Қазағымның даласынан.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ордасы бұл өнердің

  • 0
  • 0

Дала мен тауы балқыған,
Сан құбылтып құс сайрап.
Жататын қырда шалқып ән,
Өнерге толы осы аймақ.

Толық

Ағалар

  • 0
  • 0

Тың даланы түлетті,
Шөл далаға гүл екті.
Қажымас құрыш білекті –
Осылар біздің ағамыз.

Толық

Кәмпит қайдан шығады?

  • 0
  • 0

Ойнап жүріп топ бала
Кәмпит жайлы таласты.
Жиналды да топтана,
Бір-біріне қарасты.

Толық

Қарап көріңіз