Өлең, жыр, ақындар

Қай қырда қалдың

  • 20.09.2020
  • 0
  • 0
  • 552
Қай қырда қалдың, қиылып туған ай сындым,
Қай жырым менің үзілді ұшына жетіп қай шыңның.
Жабылып бәрің, соңыма менің түсердей,
Жолыңды кестім қайсыңның?
Дүниені кезіп архив ақтарып, сары қағаздарға үңілдім,
Сұқсырдай мынау сүмпиген сұрқыңнан сенің түңілдім.
Сорақы болды-ау бүгінгің,
Құлжабайұлы Мәмбетке барып жүгіндім.
А, анау қырғыздағы сыр бүккенон бір жыраның,
Құпия сырын білгенде, шешем бүгін өлгендей,
ағыл да, тегіл жыладым.
Баурайында гүл аңқыған қолаттың,
Шолтаң етіп өте шықты-ау шолақ күн.
Бір татысқан дәм тұздан да қорықпай,
Ғайбат сөздерді соңымнан менің бораттың,
Болмаса тек еліккен...
бірер ессіз кей кісің,
Бүгінгі есті қазақты саған сенер деймісің.
Қарш та-қарш шайнасып,
Ұлы тарихшымен оңашада ойласып,
Қара қазанға қойды асып.
Мұстафа Шоқай жолымен
өткенде жүріп көктемде,
Алысқа сапар шеккенде –
Құс ұшырып төбемнен,
ит қосқанмен топтасып,
Ана иттермен соттасып,
мына иттермен қоштасып.
Тамтығым қалмай кетсе де,
Шәуілдеген көп итке
сыр берместен өткенмін,
Шуағына шомылып
күзбен сол бір көктемнің.
Талқыға түскен тар шақта бұлт ете қалған
сол ағам,
Жүрегі оның жаралған екен қоладан.
Намысымды таптаған,
ортаңнан сенің таппаған,
Бақыт дейтұғын итіңді, сол бір итінген,
Табам ба барып моладан.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ескі мұң

  • 0
  • 0

Бүгiн тағы мазалады ескi мұң,
Ескi мұңнан ескi әуендер естiдiм.
Асау жылдар алдарқатты, алдыңда,
Айыбым мен күнәм болса кеш гүлiм.

Толық

Пана болмай кеңселер

  • 0
  • 0

Пана болмай кеңселер,
Қалды сонау жолымда.
Бес-алты ауыз ел сенер,
Сөз қалсын деп соңымда.

Толық

Сыймай аққан арнаға түбi

  • 0
  • 0

Сыймай аққан арнаға түбi
өзендей толармын,
Үзiлетiн жанардан бiр тамшы жас болармын.
Мән бердiм де бiр күнi

Толық

Қарап көріңіз