Өлең, жыр, ақындар

Сағыну

  • 03.10.2020
  • 0
  • 2
  • 655
Жаңбыр сіркіреп тұр,
Бұрынғыдан бір айнымай-ақ.

Тізіле себілген тамшылар ішінде
Әлде біреуі
Ештеңелерден бұрынғы
Самалдай шалқыған сәуірді,
Немесе,
Ақмарал жанарын
Есіме салады.

Қарашығыңдай ғана қараңғы тамшы қалқып барады аспанға,
Бұлтқа қарай,
Әлде,екеуіміз адасқан сырлы сарайды бетке алып.
Соңында қалып бара жатқан
Бостық пен барлығы
Тек қана,
Көзімнің ішінде күбірлеп.

Малмандай су болған
Тұйықтаулы көшелер,
Бүрісе ырғалған жапырақтар,
Көзді ашып- жұмғанша
Ақпа жұлдыздай
Жап-жаңа және ескі жолдарға жұтылған іздер,
Әп- сәтте сұрланып үлгірген көлеңкелер,
Өзгелер миында жөңкілген
Менімен титтей де қатыссыз уақыттар.

Жақұт тәжісі жарқырап тұрған бостандық
Қоңыр шапанды жалғыздыққа айланып кеткен…

Жаңбыр сіркіреп тұр.



Пікірлер (2)

Арман Әділбек. Автор

Саныну атты өлеңімді өшіріңіздерші өтініш. Мүлде қате терілген. Мен автордың өзімін. Арман Әділбек.

Арман Әділбек. Автор

"Сағыну" атты өлеңімді өшіріңіздер өтініш. Мүлде қате терілген.

Пікір қалдырыңыз

Жайшылық

  • 0
  • 0

Светофорға телміріп тұрған адамдар жүзінен
Сезім ізін айнытпай табасыз
Жасыл шырақты ондаған жылдар бойы күттім деген.
Іле-шала жарық етеді жасыл шырақ,

Толық

“Қоңырдың” қоңыр сағымы

  • 0
  • 0

Қардың бетінде қылтиған қурайдың сынған ұшын
Үрлейді желі Арқаның
Бейуақ сайын ызыңдатып.
Топты қарғаның

Толық

Алакөлеңке және сурет

  • 0
  • 0

Сағаттың сырт-сырт соғылған үні
барған сайын зорайып бара жатты.
Терезеден түсіп тұрған шырақтың сәулесі
Буалдыр ғана қараңғылықты

Толық

Қарап көріңіз