Өлең, жыр, ақындар

Зуһра деген жұлдыз бар-ды аспанда

  • 05.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1190
Ұйғырдың ұлы ақыны Савутжан ака Маматкуловтың рух-шарифіне мәрсия

Зуһра деген жұлдыз бар-ды аспанда,
Зуһра деген бір қыз бар-ды Қашқарда,
Сол екеуі таң қалысты әуелі,
Бала шайыр жырдан жауһар шашқанда.
Бала шайыр (әлде, бала сайтан ба?..)
Жыр оқушы ед тойдан бірге қайтарда,
Ұлы екенін сезетін ол өзінің
Тек қорықты айтарға.
Жасы елуден асқан шақ.
Жасыл желек баулар түгел, тас та ән сап,
Мерейтойын тойлап жатты сол шайыр,
Зуһра жұлдыз тұрды көкте жасқаншақ.
Ұлттың ұлы ақылы
Тік қарауға жетті ханға батылы.
Көкке ғана қарамады ол өмірі,
Көкті көрмей көзін жұмды ақыры.
Зуһра деген жұлдыз қалды аспанда,
Зуһра деген бір қыз қалды Қашқарда...
Басы бар, бірақ аяғы жоқ өлеңнің бірі
Болайын, досым, құрбаның,
Сен білсең, айтшы, жоқ айту аз-дүр, жырлағын;
Сенің жырыңды келеді-ақ ұйып тыңдағым,
Анадан мейірімді, анадан дана, тағы да,
Әйелден жауыз, әйелден кеще кім барын, жырлағын, құрбаным.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мiнеки, үт те зу ете қалды бөгелмей

  • 0
  • 0

Мiнеки, үт те зу ете қалды бөгелмей,
Алып шаһар тұр жасармай-дағы, көнермей
Аяулы күндер көп болушы едi бiр кезде
Аяқталмаған өлеңдей.

Толық

Календарьға түзету

  • 0
  • 0

Бірінші қаңтар жаңа жыл емес,
Жаңа жыл емес наурыз да.
Жаңа жыл күзден басталу керек меніңше...
Несі таң екен аспаннан ақ қар төгілсе,

Толық

Баба бейітінде

  • 0
  • 0

Өзiң бiлесiң,
Дұғамнан тастамадым есiмiңдi,
Ашпасаң ашпа, баба, есiгiңдi.
Кiм бiлсiн, мүсiркеуден шаршадың ба,

Толық

Қарап көріңіз