Өлең, жыр, ақындар

Сені сүю

  • 05.10.2020
  • 0
  • 0
  • 2722
Сені сүю – күрсініп, күнде күту хатыңды...
Хат жазам деп мен де сан, түнге қалам матырдым.
Түнге қалам матырдым, жаныма іздеп бәтуә.
Қаламымның ұшында ауылымның оты бар.

Самайымның тұсынан аққан күнді санадым.
Сені сүю – әлемге маңдайдан нұр тарату.
Азап болса, әрдайым, мен сен үшін тартайын!..
Бүршік шашып тау жақта, бал ашады март айы.

Әр лүпілі ділімнің – мәңгілік мұң тарихы.
Сен ғанасың еститін, көре алатын! танитын!
Уысына үміттің уыз төгіп фәни Күн...
елесіңнің ернінен қақ жарылар Қара Ұйқым!
Қақ жарылар Қара Ұйқым!..
ақтарылып Ақ Өлөң,
Санамдағы Сәскенің сәулесіне бөленем.
Сәулесіне бөленем Санамдағы сәскенің.
Сені сүю – азадан ада әлемге көшкенім!

Сені сүю – қуатты Қорқынышым, көз ілген,
дәл көзінің алдынан бірге өтемін Өзіңмен.
Мендік нәзік сезімге қанаты ыстық тіл басып
жымиуың – маған мың әулиемен ымдасу!
Сенсіз қалсам, дүрлікпе пендешілік тірлікке
сыймас – іште Құдайы күбірлеген бұл басым.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көкірекке күдік емген Ой толса

  • 0
  • 0

Көкірекке күдік емген Ой толса, жақ
суалар – есесі...
Туды бүгін арманыңды айтар шақ,
құдай берді десеші!

Толық

Сезік

  • 0
  • 0

Отыр едім мен бірде, жүрек – ояу, тіл – сұлық,
күле келді ол маған, қысық көзде күн сынып
– Жүдеулісің... немене, жүрсің бе әлде ауырып?
Күтінуге біздің де мұршамыз жоқ, бауырым.

Толық

Көк аңқыған кез еді...

  • 0
  • 0

...Автовокзал. Кешқұрым.
Өмір – елес...
Көпшіліктің гуіне көмілер Ес.
Құлағымның ұшында – қызыл іңір:

Толық

Қарап көріңіз