Өлең, жыр, ақындар

Достық

Дос туралы өлең де көп,жыр да көп,
Дос туралы айтылмаған сыр да көп.
Бір дос бар малыңа дос өзіңе емес,
Кейбір достар саф алтындай мыңда жоқ.

Неге достық өте қажет адамға,
Доссыз өмір бос емес пе ғаламда.
Нағыз досты таңдай білу дос болу,
Нағыз бақ қой қондырмайтын әманда.

Досын көріп танисың әр адамды,
Онсыз өмір секілді тас қараңғы.
Қиында да қуанышта бірге болып,
Сатпайтын еш емдейтін жан жараңды.

Достық деген байлық бар,
Еш байлық оған жетпейді.
Жүз досың болса өмірде .
Мың дос та көптік етпейді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз