Өлең, жыр, ақындар

Мен – өртпін

  • 06.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1720
Мен – өртпін. Күресе алмайсың.
Өртеуден жіп есе алмайсың.
Мендегі тегеурін - алапат,
Сен оған ілесе алмайсың.
Ойыннан өрт шықты, қарашы.
Ол өрттен дерт күшті, шамасы.
Мұң ғана жалғайтын секілді,
Мыңдаған шақырым арасын.
Сүйгізбе! Сүйгізсең, күйредің.
Өзім де күйрейтін күйдемін.
Мың атан түйені шөктірер
Мендегі бұл шердің ширегі...
Тілімді түсінгің келсе егер,
Сен өрт бол, мен емес жел сенер.
Лапылдап жанайық, басқалар
Несі бар, күйіктен өлсе өлер.
Жаныңа бір тал шоқ тастасам,
Тосылма, сені өртей бастасам.
Бұл дертті сөндіру қиын-ау
Өртімді өртіңмен баспасаң.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өзімді іздеп, өзіңізге жолықтым

  • 0
  • 0

Өзімді іздеп, өзіңізге жолықтым,
Күнә емес, Күн әлем боп ашылды.
Өлеңімнен тауып алып қорықсын,
Шумағымда шулап өлген ғасырды.

Толық

Лағылдай сезім өлгенше

  • 0
  • 0

Лағылдай сезім өлгенше,
Лапылдап өзім көрейін.
Ішімде сөзім өлгенше,
Сөз үшін өзім өлейін.

Толық

Жүрекке кірш еткізіп сұғып алып

  • 0
  • 0

Жүрекке кірш еткізіп сұғып алып,
Пышағын біреу ұмыт қалдырғандай...
Ауамды әкеткендей жұлып алып,
Жайрадым, жанымды өртке алдырғандай.

Толық

Қарап көріңіз