Өлең, жыр, ақындар

Сығалап қойып, мырс етіп қойған ішінен

  • 12.10.2020
  • 0
  • 0
  • 633
Сығалап қойып, мырс етіп қойған ішінен,
Жандардың жайын,
Пейілін оның түсінем.
Ағаның айтқан ақ жолын ұқпас жандарды,
Қар ұрған шөпке теңеймін оны, үсіген.
Қолдарың тимей,
Қан ақса көзден түсінем.
Әрқайсың жүрсің,
Шәуілдеп жүрген күшік ең,
Бір ауыз жылы сөз айта алмасаң, ағайын,
«Шаруаң бір түссе, недеген, неткен пысық ең».
Барына қуан,
Бағала бала жұртыңды.
Сығалап қойып, ақ тілек айтпау біртүрлі.
Ағаны іздеу сендерге қалып боп кеткен,
Қаны мен жының толғанда ғана ұртыңды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әріптеске

  • 0
  • 0

Жаралған жансың досым, бағың нұрдан.
Бірнеше белестерді бағындырған.
Бір жүріп, ойнап күлген әріптесім,
Өлең шықты көмейден сағындырған.

Толық

Қарындастың туған күніне арнау

  • 0
  • 0

Қолымда өскен қарындасым сен менің,
Бақытты бол,
Жана берсін еңбегің.
Бауырымның қызы едің, ұмытпа,

Толық

Адамдардың барлығы бұл өмірдің қонағы

  • 0
  • 0

Адамдардың барлығы бұл өмірдің қонағы.
Жаз мезгілі өткенде, әсем гүл де солады.
Жүрегіңе ем қонбай жүрсе оған өкінбе,
Барлық нәрсе Алланың әмірімен болады.

Толық

Қарап көріңіз