Өлең, жыр, ақындар

Қаным Қазақ

Қазақ деп жырлап өтті әрбір ақын,
Алыс болмас туған жаныңдағы жақын.
Жүрегі қазақ деп соққан әрбір жүрек
Елінің патриотты қызыл жаның.

Айбынды көл,асқар тау-биік шының
Байлыққа толып қалған басқан жерің.
Шекаранды алып жатқан алып теңіз-
Толып жатқан мөп-мөлдірдей аққан суың.

Жазира кең бесікті асқақ жерің,
Сүйеді әрбір қазақ өз елің.
Қаның төгіп,қызыл соғыста өлген батыр
Ұрпаққа пида еткен өз жаның.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар