Өлең, жыр, ақындар

Пайда ойлама, ар ойла

  • 09.11.2015
  • 0
  • 11
  • 393379
Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
Артық ғылым кітапта,
Ерінбей оқып көруге.
Военный қызмет іздеме,
Оқалы киім киюге.
Бос мақтанға салынып,
Бекер көкірек керуге.
Қызмет қылма оязға,
Жанбай жатып сөнуге.
Қалай сабыр қыласың,
Жазықсыз күнде сөгуге?
Өнерсіздің қылығы –
Тура сөзін айта алмай,
Қит етуге бата алмай,
Қорлықпенен шіруге.
Аз ақшаға жалданып,
Өнбес іске алданып,
Жол таба алмай жүруге.
Алыс та болса іздеп тап,
Кореннойға кіруге,
«Талапты ерге нұр жауар»,
Жүріп өмір сүруге.
Я байларға қызмет қыл,
Ерінбей шауып желуге.
Адал жүріп, адал тұр,
Счетың тура келуге.
Жаныңа жақса, соңынан
Жалқауланба еруге.
Қисық болса, закон бар
Судьяға беруге.
Ол да оязной емес қой,
Алуға теңдік сенуге.
Я өз бетіңмен тәуекел,
Занимайся прямотой.
Жеңіл көрме, бек керек
Оған да ғылым, оған да ой,
Калайынша қайда енуге?



Пікірлер (11)

Даулетбаева Жұлдыз

Абайдың өлеңдерінің бəрін оқып шықамын маған қаты ұнайды осы мəтінді оқып шықтым өте күшті мағанасы бар маған қатты ұнады

Нурсулу

Оте кушти ешкашан пайда ойлауга болмайды

Базарбаева

Магынасы бар маган унады ешкашан пайданы ойлауга болмайды екен

Эмилия Нагашбеккызы

Пайда ойлама, ар ойла созінің магынасы.

динар

Пайда ойлама -ар ойла дегеннын түсіндірме барма?

Ұлжан

Оте тамаша

Жұлдыз

Маған Абай Құнанбайұлының барлық өлеңдері ұнайды.Себебі өлеңдер өте әсерлі

Алам

Өте мағыналы Тамаша!

GM-WORLD-5

Мен тек қана Абай атамыздың өлеңдерін жаттаймын.

Патша

Абай Құнанбайұлының Пайда ойлама, ар ойла өлеңі керемет қой

Абылай

Қу дүние жолдас болмас әлі ақ өтер
Өз күлкіңе өзің қарық болма бекер
Ұятың мен арыңды малға сатып
Ұятсызда иман жоқ түпке жетер

Пікір қалдырыңыз

Ойға түстім, толғандым

  • 1
  • 8

Ойға түстім, толғандым,
Өз мінімді қолға алдым.
Мінезіме көз салдым,
Тексеруге ойландым.

Толық

Жүрегім, нені сезесің

  • 1
  • 6

Жүрегім, нені сезесің,
Сенен басқа жан жоқ па?
Дүниені, көңілім, кезесің,
Тиянақ жоқ па, қой, тоқта!

Толық

Заман ақыр жастары

  • 1
  • 33

Заман ақыр жастары,
Қосылмас ешбір бастары.
Біріне бірі қастыққа
Қойнына тыққан тастары.

Толық

Қарап көріңіз