Өлең, жыр, ақындар

Мен сені сағынғанда

Мен сені сағынғанда,
Барамын жердің алысынада
Мейлі қыс мейлі жаз болсын-дағы
Барамын Американың өзі болсада.

Мен сені ойлағанда,
Бейнең шыға келеді көз алдыма
Қоңыр көзің мөлдіреп маған қарап
Тұрғандайсын Енисейдің жағасында.

Мен сені қалағанда,
Қолым жетпей теңізге қарағанда
Қос аққу бірге жүзіп, бас қосқанда
Сен мені емес басқаны қаладың ба?

Мен сені қызғанғанда,
Түңеріп саған біраз қарағанда
Көзімнен бәлкім аңғарарсың
Ішінде болып жатқан дауылдыда.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз